Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 мамыр 2024жастар, топ 100, үздік студент

«SHAKARIM AWARDS-2024»: ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Shakarim University Абай театрында «SHAKARIM AWARDS-2024» жылдың қорытынды кешін өткізді. Қорытынды кеш аясында “Үздік студент” жобасының ТОП-100 жеңімпазы марапатталып, үздік номинация иегерлері анықталды. Салтанатты кешке университет ұжымы, серіктестер, студенттер, ата-аналар қатысты.
"Үздік студент" - академиялық, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және спорттық бағыттарда жетістіктерге жеткен студенттерді қолдауға бағытталған оқу орнының дәстүрлі жобасы. Білім ордасының 1000-ға жуық студенті top100.shakarim.kz сайтына тіркеліп, жетістіктер тізімін ұсынды. Диагностика жүйесінің мәліметтері бойынша рейтинг әзірленіп, үздік 100 студенттің тізімі анықталды.
Биылғы жылы жоғары нәтиже көрсеткен студенттерге: "Үздік студент" төсбелгісі, Шәкәрім атындағы бір реттік шәкіртақы, ата-аналарға алғыс хат табыс етілді. Кештің басты демеушісі, университет серіктесі “Халық Банкі” АҚ Абай облыстық филиалы белсенді жастарға қаржылай сертификат сыйға тартты.
Сонымен бірге, халықаралық, республикалық байқаулар мен спорт турнирлерінде, қоғамдық жұмыстарда белсене атсалысқан “Жыл үздіктері” марапат төрінен шықты.
Айта кету керек, биылғы оқу жылында бірқатар маңызды жаңалықтар легі орын алды: факультеттерді зерттеу және жоғары мектептерге айналдыру, ғылыми орталықтарды құру, ғылыми бағыттар үшін гранттық қаржыландыруды тарту, жас мамандардан кадрлық резервті нығайту және бүгінгі үздік атанған жүз студент иегерлерімен қорытындыланды.
Кеш республикалық өнер байқауларының жеңімпаз студенттері мен республика және облысқа танымал өнер жұлдыздарының мерекелік концертімен жалғасты. Жыл үздіктерін құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!