Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 сәуір 2024аналитикалық қызмет, тәуелсіз талдаушы

SHAKARIM SCIENCE WEEK: ТӘУЕЛСІЗ ТАЛДАУШЫНЫҢ АШЫҚ ДӘРІСI

Бүгін Ғылым апталығы аясында Shakarim University ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қоғамдық кеңес мүшесi, тәуелсіз талдаушы Мақсат Мұқанов «Аналитикалық қызметтің тәсілдері мен технологиялары: урбанистiк үрдістерді талдау үлгісінде» тақырыбында ашық дәрісi өтті. Дәрiске ғалымдар мен оқытушылар, білім алушылар қатысты.
Дәрістiң мақсаты – аналитикалық жұмысты ұйымдастыру және талдау, талдау нәтижелерiн қызмет барысында пайдалану, инновациялық жобаларды дайындау мен басқару шешімдерiн аналитикалық негіздеу.
Жиын барысында тәуелсіз талдаушы аналитикалық қызметтiң тәсiлдерi мен технологияларынан ақпараттар берiп, жан-жақты түсiндiрдi.
Урбанистiк үрдістерді талдау арқылы оны жүзеге асырудың басқа да тетіктері қалай орындалатынынан хабардар еттi.
-Аналитикалық әрекеттердiң жұмыс барысында атқаратын рөлi орасан. Ұйымдағы жағдайды бағалау және талдау, болжау арқылы нәтижеге жетуге болады.
Аналитика – ғылым мен шығармашылықтың синтезі, - дейдi лектор.
Мақсат Нұрдәулетұлына университет атынан алғыс бiлдiре отырып, шығармашылық табыс тiлеймiз!