Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 қараша 2021бал, көрме

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА БАЛ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шәкәрім университетінің «Агротехнопарк» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен шаңырағымызда «Ара шаруашылық әлемі – 2021» жәрмеңке-көрмесі өтті.  


3 күнге созылған шарада Шығыс Қазақстан облысының омарта шаруашылығы өнімдері көрсетіледі. 

«Көрмеміздің басты мақсаты агроөнеркәсіптік кешен саласында ара шаруашылығы өнімдерін ілгерілетіп, өңірлік, өңіраралық экономикалық байланыстарды орнату болып табылады»,- деді «Агротехнопарк» ҒО басшысы Сейлгазина С..


Көрме аясында қонақтар (5 түрлі бал, прополис,  пыльца, балауыз, ара сүті, перга, бал ұясы, забрус) өнімдерінің дәмін татып, қалаған өнімін сатып алу мүмкіндігіне ие бола алады. 


Айта кетейік, көрме ертең, яғни,  04 қараша күні Қашаған 1 көшесіндегі №3 оқу ғимаратында сағат 11:00-ден 14:00 аралығында өтеді.  Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!