Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 желтоқсан 2021

Шәкәрім шаңырағында «Инженерлік-технологиялық факультетінің жаңғыруы» атты мерекелік шара өтті.

Шара «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамы «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасының оқу-өндірістік филиалының ашылуымен басталды https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=646359553212231&id=100035145771446.
Аталмыш шарадан кейін "Радиоэкологиялық зерттеу" ғылыми орталығы
Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Төлеуов Елемес Толеуұлының және ветеринария кафедрасының профессоры Дюсембаев Серғазы Тұрлыбекұлының ғылыми мектебінің зертханалары ашылды.
Ғылыми мектеп зертханаларының лентасын қию рәсімінің құрметі ардагер ұстаздарымыз Зейнолла Қалымбекұлы және Аман Еренғалиұлына берілді.
Университет басшысы Б.А.Ердембеков «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамы «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасының оқу-өндірістік филиалының ашылуымен қатар университет ішіндегі атаулы зертханалардың да ашылуы факультет әлеуеті екенін айта келе, лентасы қиылған нысандарға сәттілік тіледі.
Ғылыми шара Инженерлік-технологиялық факультет докторанттарының ғылыми әзірлемелер дегустациясымен жалғасып, білім ордасының докторанттары өз өнімдерімен таныстырды.
Игі шара осымен аяқталмады. Одан кейін 9-ғимаратта "Ғылыми жетістіктер көрмесі" мен "Өндірістік өнімдер жәрмеңкесі" өтті.Ғылым мен бизнес тығыз байланыста болғанда ғана өндіріс дамиды.
Факультеттің өндіріс базалары, өнеркәсіптермен жұмыс тығыз байланысқан. Оның бір дәлелі "Өндірістік өнімдер жәрмеңкесінің" жоғары деңгейде өтуінде.
Жәрменкеде қонақтар университетпен әлеуметтік серіктестікті ұстанған өндірістердің тауарлары мен танысып, «Айша» сауда белгісімен сүт өнімдерін шығаратын «Қалиханұлы» шаруа қожалығы, «Кондиз» кондитерлік фабрикасы, «Семнан» ЖШС, «Багратион Улан» ЖШС, «Дария» шұжық цехы. Жеке кәсіпкер «Масаева А.Т.», "Bakery_Mikaa" кондитерлік бұйымдар
жеке кәсіпкер «Қапанова М.Н.», "Тәтті-дәмді" -нан-тоқаш өнімдері Жеке кәсіпкер «Кенесарина Г.Н.», «Тұмар» былғары бұйымдары. ЖК «Тернов М.Н.», ЖК «Медовик» Таганашев Александр Владимирович, Ара шаруашылығы өнімдері «Наш мед» өнімдерін қолжетімді бағада сатып алды.
Жәрменке "Ғылыми жетістіктер көрмесімен" ұласты. Көрмеде Факультеттегі барлық «ЖОО үздік оқытушысы» иегерлерінің дипломдары. Факультеттің докторанттар, магистранттар, студенттердің ғылыми жетістіктері. (Монографиялар, патенттер, өнертабыстар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар) көрсетілді.
Айта кетерлік осы күнге дейін университет бойынша 58 ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» болса, оның 18-і осы факультет оқытушыларының болуы факультеттің тағы да бір үлкен жетістігі . ҚР жетекші ғалымы, дарынды жас ғалымы мемлекеттік степендияларының иегерлері де осы факультеттен шығуда.
Сондай-ақ «Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының филиалымен біріккен "ҚР Ұлттық ядролық орталығы" (Курчатов қ.) стендтер көрмесі; «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының роботталған техника бұрышының көрмесі;
«Геодезия және құрылыс» кафедрасының : Шәкәрім ғимараттарының макеті" көрмесі (геодезиялық құрал-жабдықтар, (200*60өлшемді) дуалды оқыту жүйесі туралы стенд;
«Химиялық технология және экология» кафедрасының экологиялық таза өнімдерден жасалған экокөрмесі қойылды.
Көрме барысында университет басшысы «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» ұсынған "Шәкәрім ғимараттарының макеті" жобасын қолдайтынын айтып, Шәкәрім қабырғасына виртуалды саяхат, қолайлы әрі тиімді екенін алға тартты.
Сөз соңында университет басшысы Б.Ердембеков: Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында, жеткен жетістіктерін көрсетіп жатқан факультет ұжымына алғысын білдірді. Бүгінгі өткен шарада ашылған "Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасының филиалын және ғылыми зертханаларды дамытуды алға қойып, ғалымдардың ұсыныстарын қолдайтынын айтты.