Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 маусым 2023сотрудничество, конференция

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алғаш рет "KazTEA" Қазақстан Республикасы ағылшын тілі мұғалімдерінің Ұлттық қауымдастығы Семей қаласының ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен, Шәкәрім университетімен, Абай облысының білім басқармасымен және Семей қаласының білім бөлімімен бірлесіп "Transfunctional Teacher – Smart Students / Ағылшын тілі мұғалімінің трансфункционалды қасиеттері білімді білім алушының кепілі ретінде" атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтуде.
Конференция цифрландыру дәуірінде оқыту сапасын арттыруға және аралас оқыту / оқытуды енгізу бойынша педагогикалық және техникалық сын-қатерлерді талқылауға, ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық жағдайын ескере отырып, 21 ғасырдағы дағдыларды біріктіруге бағытталған. Бұл міндеттер "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына сәйкес келеді.
Іс-шара аясында пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар, постерлік және интерактивті сессиялар, шеберлік сыныптары және Pecha-Kucha өтетін болады. Конференция жұмысына профессор-оқытушылар құрам, Қазақстанның барлық облыстарының ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінің Fulbright бағдарламасы аясында Қазақстанда жұмыс істейтін ағылшын тілін оқыту саласындағы зерттеушілер қатысты. Барлығы 160-тан астам қатысушы.
Негізгі спикерлердің қатарында:
 Мерве Карли – Түркияда, Таяу Шығыста, Солтүстік Африка мен Орталық Азияда клиенттермен жұмыс жөніндегі кеңесші, Оксфорд университетінің баспа өкілі;
 Саймон Борг – Батыс Норвегия қолданбалы ғылымдар университетінің TESOL профессоры;
 Кевин МакКоги – Ташкент қаласындағы ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсесінің директоры, АҚШ Елшілігі;
 Рассэл МакМахон – IT саласындағы құрметті профессор, Цинциннати университеті, АҚШ;
 Асия Сулькарнаева – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астана қаласындағы филиалының профессоры бар.
Конференция гибридті форматтағы пленарлық отырыспен ашылады. Бұдан әрі конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
-инновациялық білім беру әдістері (бірлескен оқыту, "төңкерілген" оқыту, геймификация және басқалар);
- Lesson study және іс-әрекеттегі зерттеулер;
- Steam: артықшылықтары мен қиындықтары;
- құзыреттілікке бағытталған бағалау;
-инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу процесін өзгерту;
-жаһандық құзыреттілікті оқыту;
-жоғары білімді білім алушыны оқыту үшін педагогтың трансфункционалды рөлі;
- медиа сауаттылық 21 ғасырдың шеберлігі ретінде.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару қарастырылған.