Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 наурыз 2022наурыз, көрісу күні

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА КӨРІСУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

14 наурыз - қазақтың ежелден келе жатқан ата салты Көрісу күні. Бүгін Шәкәрім шаңырағында Инженерлік-технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен Көрісу күні аталып өтті.
Тағылымды шараға құрылымдық бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын! Бұл күн – елдегі берекені арттырып, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, ренжіскендер татуласып, төс қағыстыратын, бір-бірімізге тәтті дәм ұсынып, дастарханымызды батаға толтыратын күн ,- дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шара барысында келген қонақтарға ақ дастарханнан қымыз, ыстық бауырсақ пен басқа да қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесіне байланысты Шәкәрім университетінде 10 күндік іс-шара жоспары түзілген.