Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 қазан 2021жобалар

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДА ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

Академиялық адалдық мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы шаралардың әр түрлі форматта өткізілуі бүгінгі күні көптеген оқу орындарында тәрбиенің маңызды бағыты ретінде алдыға қойылып отыр.

Осындай шаралардың жаңа бір форматтарының бірі - идея негізінде жоба ұсыну арқылу күресу. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Жалмағамбет, ШҚО әкімі Д.К.Ахметов 2021 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға арналған кешенді жоспар аясында қазан айының төртінде Шәкәрім шаңырағында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында жобалар конкурсы» ұйымдастырылды.

 Конкурсқа әртүрлі мамандықтардың білім алушылары жемқорлықпен күресу мақсатындағы өзіндік жобаларын ұсынды. Арнайы құрылған комиссия жобаның ұсылуы мен қорғалуын қарастырып жоба жеңімпаздардын анықтады. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды Жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс магистранты- Рүстемұлы Мират, 2 орынды Инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенті- Жалелова Аружан, 3 орынды - Инженерлік-технологиялық факультетінің 1 курс студенті Фархадов Ислам иеленді.

"Жалпы мұндай шаралардың ұйымдастырылуы жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен күресу жолдарын іздестіруде маңызды болып табылады",- деді Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының басшысы М.Абдикакимов.