Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2022білім күні

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ КҮНІ

Бүгін Шәкәрім университетінде "1 қыркүйек – Білім күні" салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, Абай облысының мәслихат хатшысы, облыстың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік серіктестер, білім алушылар және ата-аналар қатысты.
Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзін Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Аманкелдіұлына берілді.
–«Бүгін Шәкәрімдей киелі есім берілген университетке түскен 1 курс студенттеріне үлкен жүк артылып отыр. Біріншіден, сіздер, жас шәкәрімдіктер болсаңыздар, екіншіден осы атқа кір келтірмей төрт жылдан кейін Шәкәрім университетінің түлегі – Абай елінің парасатты азаматы болуларырыңыз шарт. Ал, арысы әлем таныған толық адам, кемел тұлға болуға ұмтылу – әрқайсыларыңыздың міндеттеріңіз»,- деді университет басшысы Б.Ердембеков.
Салтанатты шараға альма-матер түлегі, Абай облысының мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов құттықтау тілегін білдірді:
– Құрметті білім алушылар, сіздерді білім күнімен құттықтаймын! Мен де Шәкәрім университетінің түлегімін, дәл осы оқу орнынан білім алып, қанат қаққанымды қашан да мақтанышпен айтамын.
Биылғы оқу жылына университетімізге жоғары колледжді қосқанда 2 500-ден астам студент қабылданды. Күндізгі бөлімге түскендердің 73%-ы мемлекеттік грант иегерлері. Бұл көрсеткіш университеттің сапалық деңгейін айқындайды. 100-ге жуық «Алтын белгі» иегерлері Шәкәрімді таңдады.
Алыс-жақын мемлекеттерден Абай елінде білім аламыз деген шетелдік жастардың да қарасы аз емес Пәкістан, көрші елдер – Қытай мен Моңғолиядан білім алуға келген студенттер бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен атап айтар болсақ, Ақтау, Атырау, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда және т.б. елді-мекендерінен келген білім алушыларда бар.
Қабылдау комиссиясында қызмет атқарған 20-ға жуық студентке бір реттік шәкіртақы мен алғыс хаттары берілді. Рәсім мерекелік концертке ұласып, 1 курс студенттеріне «Білім кілтінің» символикасы табысталды.