Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қаңтар 2023наука, стартап проекты

«SHAKARIM START-UP - 2022» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Студенттер арасындағы «SHAKARIM START-UP - 2022» байқауының нәтижесі.
Университет студенттерінің ғылыми-кәсіпкерлік белсенділігін дамыту мақсатында стартап жоба байқауы өткізілді.
Байқауға 46 өтініш түсіп, оның ішінде 16 өтініш финалдық кезеңге жолдама алды. 10 жоба қаржыландыруға ұсынылды.
«SHAKARIM START-UP – 2022» байқауының 10 жобасы қаржыландыруға ұсынылды:
1. «Білім беру бағдарламасы мен кәсіптік бағдар беру жұмысын ілгерілету үшін университеттің білім алушылары мен қызметкерлеріне киім тігу», М.М. Джумажанова.
2. «Биогумус өндірісі», А.О. Досмағанбетова.
3. «Дарынды оқушыларға арналған «Қолөнер коворкингі» (киім дизайны, бейнелеу және сәндік өнер) шығармашылық шеберханасын ұйымдастыру», Қ.Т. Жабагина.
4. «Гипстен декоративтік заттар дайындау», Т.Қ. Қажыбекова.
5. «Үй жануарларына арналған жылыжай», Ж.М.Нұржұманова.
6. «Эстетика және этикет мектебі», Ж.Х. Қажиева.
7. «Табиғи ағаштан жасалған көпфункционалды «Өркен» дамытушы ойыншықтары: «Ойнай отырып, әлемді танимын!», М. Елеусизқызы, А.Д. Мухаметжанова.
8. «Кварцтау жүйесін әзірлеу, оның ішінде кварцтау құрылғысының параметрлерін қашықтан автономды басқару мүмкіндігі бар аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», Р.К. Құсайынов, Е.М. Мұхаметов.
9. «Сүт бағытындағы шағын ешкі фермасын ашу», А. Т. Серікова, С.Т. Дюсембаев.
10. «Doctor Bear» – витамин қоспасы», С.Т. Дюсембаев.
Стартап жобалардың жетекшілері мен студенттерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!