Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қыркүйек 2023шәкәрім форум, ұлылар мекеніне саяхат

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

Бүгін Шәкәрім университетінің ұжымы бастаған делегация Абай еліне, Ұлылар мекеніне барып қайтты. Сапар ”Shakarim Forum: тың идея, жаңа қадам” форумы аясында ұйымдастырылды.
Шыңғыстау – ел қамын ойлаған көсемдер мен шешендерді, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырларды, жауырыны жерге тимеген палуандарды тарих сахнасына шығарған, бүгінгі таңда да халықаралық, республикалық додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшыларды, өнерпаздар мен ғалымдарды өмірге әкелген алтын құрсақты құт мекен.
Шәкәрімдіктер Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының кесенелеріне зиярат жасап, бабалар рухына дұғасын бағыштап қайтты.
Шәкәрім шаңырағы мен қадірменді қонақтарды Абай облысының беделді ұжымы, өнер мен мәдениетке зор үлес қосып жатқан «Қаламқас» халық ән-би ансамблі қарсы алды.
Оқу орнында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына арналған форум өз мәресіне жетті. Жыл соңына дейін мерейтойға арналған іс-шаралар кешені жалғасын табады.