Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 қазан 2021сенбілік

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АУМАҚТЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БӨЛМЕЛЕРІН ТАЗАРТУ БОЙЫНША ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК СЕНБІЛІК ӨТТІ.

Бүгін Шәкәрім университетінде аумақты және жұмыс бөлмелерін тазарту бойынша жалпыуниверситеттік сенбілік өтті.

Сенбілікке университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Әдеттегі дәстүр бойынша күздің жаймашуақ күнінде оқу орны ұжымы мен студенттері қара шаңырақ аумағында күзгі тазарту жұмыстарын жүргізді.

9, 16, 23 қазан күндері аталмыш білім ордасында оқу ғимараттары, Студенттер үйлері аумақтарын тазарту бойынша университетшілік айлық өтеді дейді ұйымдастырушылар.

Сенбілік – ұжымдық рухты, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сондай-ақ, сенбілік қызметкерлер (студенттер) арасында жұмыстан (оқудан) тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей ешнәрсе адамдарды біріктіре алмайтындығы ертеден белгілі.