ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ИНТЕЛЛЕКТ ФОРМУЛАСЫ» ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Бүгін Шәкәрім университетінде 8-11 сынып оқушылар арасында өңірлік «Интеллект формуласы» зияткерлік чемпионаты өтті.
Чемпионатты «Атом саласының ақпараттық орталығы» дербес коммерциялық емес ұйымы, «Болашақ энергиясы» Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтарды дамытудың дербес коммерциялық емес ұйымы және «Ұлттық балалар технопаркі» білім беру мекемесі ұйымдастырды.
«Интеллект формуласы» – 2013 жылдан бері оқушылар арасында «Не? Қайда? Қашан?» форматындағы байқау. Биылғы жылы байқауға Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Өзбекстан және Қазақстан Республикалары қатысады.
Мықтылар жиналған сайыста облысымыздың Экономикалық лицейі, Чернышевский атындағы №1 мектеп, №43 орта мектебі мен №38 мектеп-лицейінің білім алушылары қатысты. Әр аймақтың ең мықты алты командасы 3 желтоқсанда онлайн режимінде өтетін соңғы ойында кездеседі. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!