Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 сәуір 2024наука, сотрудничество, студенты, ученый

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ САУД АРАБИЯСЫНАН ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ДӘРІС ОҚУДА

Шәкәрім университетіне шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында Король Фахд атындағы Мұнай және Пайдалы Қазбалар университетінің профессоры Roman Shults келді.
Шақырылған профессор Сауд Арабиясының Даммам қаласындағы Мұнай және Пайдалы Қазбалар университетінің жетекші ғылыми қызметкері, қашықтықтан зондтау және талдау зертханасының басшысы, халықаралық деңгейде геокеңістіктік инженерия жобаларын жүргізіп жүрген маман. Профессор Roman Shults жиырма жылдан астам академиялық және ғылыми тәжірибесі бар, геодезия, ГАЖ, қашықтықтан зондтау және фотограмметрия саласының үздігі саналады.
Профессор 6В07301 «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Close-range Photogrammetry (Инженерлік фотограмметрия)» курсы бойынша дәріс оқуда.
Сапар барысында профессор Roman Shults кафедраның профессор-оқытушылар құрамына жоғары рейтингті халықаралық журналдар базасында мақалалар жазу бойынша кеңестер өткізуде, сонымен қатар Абай облысы үшін өзекті мәселе болып табылатын орман өрттерін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы бақылау бойынша бірлескен жобаны дайындау жоспарлануда.