Бүгінде Shakarim University Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушыларға Қазақстанның түрлі қалалары мен алыс-жақын шет елдерге барып білім алып, тəжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Әр семестр сайын ондаған студент Тынық мұхитынан Атлантикаға дейінгі аралықта әлемнің әр түкпірінде білім алуда. Атап айтқанда, 2023 жылдың күзінде 30-ға жуық бакалавриат студенттері шет елге оқуға аттанды. 2023 жылдың мамыр айында Шәкәрім университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқауға қатысу үшін үміткерлерді іріктеді. Байқау нәтижесінде 10 гранттық орын игерілді, оның ішінде Еуропа елдеріне 7, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 2 және АҚШ-қа 1 орыннан тиесілі.
Университеттің 2-курс студенті Қажмұханова Ұлпан қазіргі таңда АҚШ-тағы Pittsburg State University-де "Шет тілдері" мамандығы бойынша білім алса, Оңтүстік Кореяның Кёнсан Ұлттық университетінде "Шет тілдері" мамандығы бойынша 2 студент білім алуда. Польшаның Быдгош қаласындағы Экономика университеті Тарих, Биотехнология, Экономика және Шет тілдері сияқты мамандықтары бойынша аталған білім ордасы бір семестрге оқуға қабылдады. Оның ішінде 7 студент ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты арқылы және 2 студент өз қаражаты есебінен білім алады.
Түркия университеттері студенттер арасында ерекше танымал. Биыл 14 адамнан тұратын студенттер тобы Денизли қаласындағы Памуккале университетінде, ал Режеп Тайып Ердоғанның университетінде 4 адам білім алуда.
Айта кету керек, көктемгі семестрде Shakarim University академиялық ұтқырлық географиясын кеңейтіп, алғашқы қарлығаштарын жаңа елдерге ұшыруды жоспарлап отыр.