Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қараша 2023құттықтаймыз, профессор-оқытушылар құрамы, университет дәрежесі

SHAKARIM UNIVERSITY АЗИЯ БОЙЫНША ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНДА

Британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы өткізетін Азияның үздік университеттерінің (QS Asia University Rankings - 2024) әлемдік рейтингісінің нәтижелері бойынша Шәкәрім университеті Азияның үздік 601-650 жоғары оқу орындарының қатарына еніп, ал Орталық Азия рейтингінде 30-орында.
Asia rankings - 2024 Қытай, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Үндістан, Малайзия, Жапония, Вьетнам, Қазақстан және т.б. 25 елден жоғары оқу орындары қатысқан үлкен рейтинг болып табылады.
Халықаралық рейтингтегі бұл көрсеткішіміз біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды айғақтайды. Айта кету керек, бүгінде университет интернационализация бағытында белсенді жұмыс атқаруда.