Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 наурыз 2023наука, пресс тур, ғылыми-зерттеу орталықтары

SHAKARIM UNIVERSITY БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ПРЕСС-ТУР ӨТКІЗДІ

Бүгін Shakarim University тілшілер қауымына ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу ғимараттарына пресс-тур ұйымдастырды. Төртінші билік өкілдері жас ғалымдар мен білім алушылардың стартап-жобаларын, ғылыми орталықтарда жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары мен оқу орнының әлеуетімен танысып қайтты.
Пресс-тур аясында журналистер «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының материалдық базасымен танысты. Ғылыми орталықтың қызметі заттардың қасиеттерін аналитикалық әдістермен, соның ішінде химиялық талдау, сканерлік электронды микроскопия, дозиметрия, радиациялық бақылау арқылы зерттеуге бағытталған. Мысалы, кәсіптік оқыту үшін арнайы құрал-жабдықтар бар. Бүгінгі таңда азық-түлікті талдауға сұраныс жоғары болғандықтан, зертханаларда ғалымдар микроскоп арқылы өнімнің қасиеттерін зерттейді.
«Материалдардың бетін түрлендіру» ғылыми орталығы өңір бойынша жалғыз зерттеу алаңы болып табылады. Былтырғы жылы ашылған орталық Шәкәрім университеті мен «PlasmaScience» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында іске асты. Бұл бастама іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде ғалымдар мен мамандардың күш-жігерін үйлестіруге ықпал етеді. Аталған орталықта жалпы сомасы 300 млн. теңгеден астам жоба іске асырылады.
Келесі қызықтырған құрал-жабдық – стартап жоба, қол асты материалдардан жинақталған 3D принтер. Бұл пластиктен нарықта жиі сатып алмайтын жабдықтарға арналған өте күрделі, көп қырлы жұмыс құралы. Аталмыш құралдың тиімді жұмыс істеуі үшін пластикалық шыбық қажет. ЖОО-ның қауымд.профессоры Надир Ибрагимовтың айтуынша, 3D принтерге арналған шыбық пластикалық бөтелкелерді сызу машинасында қайта өңдеу арқылы дербес жасалады. Бұл технология PET пластиктен жасалған пластикалық бөтелкелерді екінші рет пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқытушы азық-түлік 3D принтерін жинақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Бұдан бөлек, оқу орнында бейнежазба мен вебинар өткізуге арналған бірегей студия жұмыс істейді. Оның көмегімен университет оқытушылары бейне нұсқаулықтар мен дәрістер жазады. Сапар аясында қадірлі меймандар «Агротехнопарк», «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталықтарына, азық-түлік өнімдерінің ғылыми зертханаларына, цифровизация, шетелдік мамандардың дәрістеріне, «Jekman» би залына, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау орталығы мен Күміс университеті жобаларымен танысты.