Бүгін Shakarim University тілшілер қауымына ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу ғимараттарына пресс-тур ұйымдастырды. Төртінші билік өкілдері жас ғалымдар мен білім алушылардың стартап-жобаларын, ғылыми орталықтарда жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары мен оқу орнының әлеуетімен танысып қайтты.
Пресс-тур аясында журналистер «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының материалдық базасымен танысты. Ғылыми орталықтың қызметі заттардың қасиеттерін аналитикалық әдістермен,...