Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 тамыз 2022делегация, жоғары білім форумы, пленарная сессия

SHAKARIM UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ – 2022 ФОРУМЫНДА

Нұр-Сұлтан қаласында жоғары білім беру мен ғылымның алғашқы қазақстандық форумы басталды. Шәкәрім университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков бастаған делегация «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты форумға қатысуда.
Ғылым және жоғары білім беру министрі Саясат Нұрбек «Қазақстанның ғылымы мен жоғары білімі»: қайта құру нүктелері» форсайт-сессиясымен ашты.
Қазақстандық ғылым және жоғары білім саласының көшбасшылары «Педагогикалық білім берудің 30 білім беру бағдарламасы: әзірлеу процесі және ұсыныстар» панельдік сессиясына, «Ғылыми метрикалық мәліметтерге негізделген стратегиялық шешімдердерді қабылдау» семинарына, ғылыми қызметті дамыту және технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері тақырыптарындағы параллельді шараларға қатыспақ.
Екі күн ішінде отандық жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер адами капиталды дамыту мәселелерін талқылайды. Республикалық съезд шеңберінде түрлі семинарлар, панельді және форсайт-сессиялар қамтылады деп жоспарлануда.
Форум жұмысына сәттілік!