Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 қараша 2023ынтымақтастық, ғылыми көрме

SHAKARIM UNIVERSITY IT САЛАСЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT – фестивалінде Шәкәрім университеті озық цифрлы технология саласындағы жетістіктерін ұсынды. Фестивальді «Абай облысының білім басқармасы» ММ, Абай облысы білім басқармасының «Инновациялық - әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бұдан бөлек, көрмеде Шәкәрім университеті жанынан ашылған “Shakarim high school” жоғары мектебінің оқушылары IT, робототехника саласындағы үздік жобалармен таныстырды. Білім ордасының “ProffUnit” мобильді тобы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Фестивальда 8 сектор бойынша 90-ға жуық Startup жобалар таныстырылады. Жиын қатысушылары мен қонақтары «Күн жүйесі бойынша саяхатты», кеңейтілген интерактивте «Шынайы Сафари» өмірін тамашалай алады. 3D үлгілеу, спорттық бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша чемпионат, «Digital teacher» облыстық IT – хакатон, «Қауіпсіз балалық шақ» байқауының және фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Все реакции: