Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қазан 2024жасанды интеллект

SHAKARIM UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ AI САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Жасанды интеллект оқыту, зерттеу және басқару әдістерін трансформациялау арқылы білім беру мен ғылымды дамытуда басым рөл атқаруда. Қазіргі уақытта AI адам рөлін жою немесе оның рөлінің өзгеруіне байланысты тез бейімделуді талап ете отырып, барлық салаға белсенді енуде.

 

Маман даярлауды жүзеге асыра отырып, Shakarim University жастарды AI қолдануға ғана оқытып қоймай, сонымен қатар, болашақта кадрлар қажеттілігі немесе сұраныстың төмендігін болжау қажет екенін жақсы түсінеді.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан профессор-оқытушылар құрамын оқытуға толық қолдау мен мүмкіндік беріліп отырғанын ерекше атап өту қажет. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 қазанынан бастап ҚР ҒжЖБМ «Astana Hub» IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі корпоративтік қорымен бірлесіп «Жасанды интеллект» және «Game Development» бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларын TechOrda мамандандырылған бағдарламасы бойынша оқыту жобасы басталды.

 

Бұл жобаға Shakarim University 8 оқытушысы қатысуда. Бүгінгі таңда осы жобаны жүзеге асыратын мектептермен таныстыру апталығы өтті.

 

Аталған жобаға қатысу әріптестерімізге АІ саласындағы соңғы жетістіктер және оқу үдерісінде сәтті қолдану туралы заманауи білім алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

 

Осы бағытта Shakarim University-де жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жазғы мектеп аясында 83 оқытушы жасанды интеллект негіздері мен қолданылуы бойынша тәжірибелік оқытудан сәтті өтті.