Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 желтоқсан 2024поздравление

SHAKARIM UNIVERSITY РЕКТОРЫ ДУМАН ОРЫНБЕКОВТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті әріптестер! Shakarim University студенттер қауымы. 

 

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн.

 

Академиялық қауымдастық ретінде біз шынайы бостандық ең алдымен ой еркіндігі, еңбек және шығармашылық еркіндігі екенін білеміз. Бүгін біз осы тәуелсіздіктің негізін қалаған, ерлігі мен еңбегі арқылы еркін қоғамымыздың іргетасын қалаған адамдарға алғысымызды білдіре аламыз. Бірақ біз, сондай-ақ, бостандық ең алдымен жауапкершілік екенін түсінуіміз керек. Бұл жауапкершілік өз университетіміз үшін, өңірдің дамуы үшін және Қазақстанның болашағы үшін қажет.

 

Shakarim University бүгін жай ғана академиялық мекеме емес. Бұл – студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер өз үлесін қосатын өзгерістер орталығы. Біз өз жолымызды таңдадық және бүгінде университетте өзгерістерді жүзеге асыра отырып, оның халықаралық аренадағы орнын нығайтып, алға сенімді қадам басып келеміз.

 

Университет қазір жаңғыруды бастан өткеруде. Жылдар бойы консервацияда тұрған нысандар қазіргі заманғы жастар орталықтарына, ғылыми зерттеу орындарына айналуда. Зертханалар нығайтылып, студенттер мен ғалымдар қоғам алдында тұрған шынайы міндеттерді шешу үшін технологияларға қол жеткізуде.

 

Shakarim University-дің QS Asia University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде бірден 100 сатыға көтеріліп, 501–520 үздік университеттердің қатарына енуі – бұл біздің еңбегіміздің нәтижесі. Біз QS Stars Rating System-де білім беру бағдарламалары, жұмыспен қамту, басқару және әлеуметтік ықпал бойынша бес жұлдызға ие болдық. Сондай-ақ, алғаш рет әлемдік QS Sustainability Rankings рейтингіне еніп, тұрақты даму мәселелерін шешуге қосқан үлесті бағалайтын QS World University Rankings: Sustainability беделді тізімінен орын алдық. Бұл тек рейтингтер ғана емес, өрлеуге және халықаралық стандарттарға сай болуға деген талпынысымыздың  мойындалуы.

 

Бірақ барлық өзгерістер рейтингпен шектелмейді. Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, жұмыс берушілермен жаңа келісімдерге қол қойып, білім беру бағдарламаларын барынша өзекті және сұранысқа ие болатындай етіп жаңартудамыз. Уақыттың сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды дайындап, студенттердің әлеуетін ашуға жағдай жасап жатырмыз. Алда бізді бұдан да ауқымды жұмыстар күтіп тұр.

 

Тәуелсіздік – бұл бір орында тұру емес, тұрақты даму үдерісі. Біздің университет жоғары стандарттарға ұмтылу мен өзгерістерге дайын болу өршіл де нақты мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретінінің үлгісі болуы керек.

 

Инфрақұрылым мен технологияны жаңартып, мықты кадрларды тартпайынша, студенттерді ғылыми және әлеуметтік жобаларға белсенді түрде қатыстырмайынша, білімнің сапалы болуы мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз.

 

Алдағы уақытта бізге Shakarim University-ді халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне халықаралық гранттар, жобалар және алмасу бағдарламалары арқылы белсенді интеграциялау; ғимараттарды модернизациялау; уақыт талаптары мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделген, соның ішінде шетелдік студенттерді тарту мақсатында ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу; жұмыс берушілермен байланысты нығайту, студенттерге арналған тағылымдама және тәжірибе желісін дамыту міндеттері тұр. Бұл әрбір түлектің өз мансабын сенімді түрде бастауына мүмкіндік береді.

 

Shakarim University заман талабын түсініп, өзгерістерге дайын екенін және студенттердің сұранысын ескеретінін дәлелдеп келеді. Алға қойылған міндеттерді орындап, біз әрдайым алға ұмтылуға әзірміз.

 

Мен сіздердің әрқайсыңызды, құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттеріміз өз университетін мақтан тұтып, жай ғана бақылаушы емес, жасаушы, реформатор бола алуы үшін, болашақ үшін не істей аламыз деген сұрақ төңірегінде ойлануға шақырамын. 

 

Тәуелсіздігіміз күш-қуатымыздың, бірлігіміздің, кемел келешекке деген сеніміміздің нақты айғағы болуы үшін жұмыла еңбек етейік.

 

Осынау мерейлі күнмен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін!