Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 қазан 2021енактус

SHAKARIM UNIVERSITY ROAD SHOW ENACTUS KAZAKHSTAN

Бүгін Шәкәрім университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Road show Enactus Kazakhstan жастар кәсіпкерлігі форумы басталды.

Форумға Шәкәрім университетінің басшысы, профессор Б.Ердембеков, Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесінің мүшесі , кәсіпкер, «Eurasia Gold» ЖШС құрылтайшысы Б.Мукашев, Enactus Kazakhstan Президенті, философия ғылымдарының докторы А.Ержанова, сондай-ақ Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей және еліміздің басқа да қалаларынан келген жастар мен мектеп оқушылары қатысты.

Форум аясында Шәкәрім шаңырағында кәсіпкерлік арқылы үздік әлем құру үшін студенттерді, академиялық және бизнес-көшбасшыларды біріктіретін халықаралық Enactus бағдарламасының аймақтық кабинетінің тұсауы кесілді.

Алғы сөз Басқарма төрағасы Б.Ердембековке берілді. «Бүгін киелі Абай, Шәкәрім, Мұхтар жерінде Шәкәрім университетінде Enactus Kazakhstan ұйымының аймақтық кабинеті ашылды. Бұл жерде Семейдің ғана емес, шығыс өңірі жастарының барлығы да осы жерде жиналып, үлкен идеяларды дүниеге алып келіп, әлеуметтік жобаларға үлес қосады деген ойдамын»,- деді университет басшысы.

ENACTUS KAZAKHSTAN штаб-пәтері жыл сайын еліміздің жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында мектеп оқушылары, студенттер, ЖЕТЕКШІ БИЗНЕСМЕНДЕР, академиялық көшбасшылар және ENACTUS бағдарламасының қонақтары жиналатын өңірлер бойынша ROAD SHOW өткізеді.

Форум барысында Альбина Меирбековна Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесінің атынан Enactus дамуына қосқан үлесі үшін Шәкәрім университетінің ректоры Б.Аманкелдіұлына алғысын білдірді.

Айта кететіндігі, аталмыш форум екі күнге жалғасады. Форумда инновациялық жобалар, қаржылық сауаттылық, жастар жобаларының көрмесі және мәдени, спорттық шаралар өтеді деп жоспарлануда.