Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 желтоқсан 2023қазақ күресі

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

17-19 желтоқсан аралығында Астана қаласында қазақ күресінен "Жас барыс" республикалық турнирінде Шәкәрім университетінің студенттері Мақсутов Қуаныш күміс, Нұрсейітов Марат қола медаль еншіледі. Жас балуандардың боз кілемдегі жетістігі қазақ күресіне деген құлшынысын арттырып, ширықтыра түсері анық.

 

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Байрақты бәсекелерде университет намысын қорғайтын балуандарымыз көп болсын!