Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 шілде 2024шыңжаң университеті

SHAKARIM UNIVERSITY жас ғалымы Шыңжаң университетінде

2024 жылдың 7 шілдесі мен 11 шілдесі аралығында Шәкәрім университетінің «Құрылыс және Геодезия» кафедрасының меңгерушісі, Dr.Ph., Ілияс Жұмаділов Қытайдың ірі университеттердің бірі Үрімші қаласында орналасқан Шыңжаң университетінде (Xinjiang University (XJU) өткен халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Конференция Қазақстан-Қытай-Жапония университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында өткізіліп және Шыңжаң университетінің (Xinjiang University (XJU) құрылғанына 100 жыл толуына байланысты ұйымдастырылды.

Делегацияға Қазақстан Геотехникалық Қауымдастығының Президенті, т.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң профессоры Асқар Жүсіпбеков жетекшілік етті. Ол өз баяндамасында Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың аса маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Шәкәрім университетімен бірлескен коллаборацияда жұмыс істейтін ЕҰУ «Құрылыс» кафедрасының ғалымдары да баяндамаларын жасады Dr.Ph., профессор Тулебекова А.С., Dr.Ph., қауымд.профессор Жаркенов Е.Б., Dr.Ph.,қауымд.профессор Муздыбаева Т.К.

Ғылыми конференцияның екінші бөлімі шеңберінде Шыңжаң Университетінің үлкен зертханалық кешені мен үлкен аумақты алып жатқан кампусына техникалық экскурсия өткізілді. Қатысушылар құрылыс материалдары, құрылыс конструкциялары және геотехника зертханаларын аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысуға мүмкіндік алды.

Алдағы уақытта Шәкәрім Университетімен Шыңжаң университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық одан әрі күшее түспек және ғалымдар өзара тығыз жұмыс істеуге дайын екендігін растады.