Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қыркүйек 2023студенттер, құттықтау, тілдер мерекесі

ШӘКӘРІМДІКТЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Бүгін - ел тарихында елеулі күн. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке барша ұлт өкілдеріне ортақ. Сондықтан да, еліміздің болашағы жастарға мемлекетіміздің тілі – қазақ тілінің мерейін көтеруді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді құрметтеп, олардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту басты назарда болуы қажет.
Осы ретте, Шәкәрім университетінің студенттері таңертеңнен бастап құрылымдық бөлім басшыларын, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін әуе шарларымен қарсы алып, барлығына тәттілер мен құттықтау тілектерін жолдады.
Айта кететіндігі, рухани мейрамның 5 қыркүйекте тойлануына себеп болған – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.