Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 желтоқсан 2022шәкәрімдіктер, құтты болсын, жыл таңдауы

ШӘКӘРІМДІКТЕР ЖЫЛ ТАҢДАУЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Семей қаласында «Жыл таңдауы-2022» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің салтанатты жиыны өтті.
Шәкәрім университетінің ең белсенді студенттері мен түлектері үздіктердің қатарынан көрініп атаулы номинацияларға ие болды:
"Жылдың үздік журналисі" – Замира Мурсалимова;
"Үздік ұйым" –"Парасат интеллектуалдық дебат клубы" координаторы Әнуар Жазитов;
"Жыл еріктісі" – Ерасыл Оспанов(инженерлік-технологиялар факультетінің студенті)
"Жылдың жас ұстазы" – Мадина Махметова(гуманитарлық-экономика факультетінің түлегі)
"Жылдың жас спортшысы" – Саяхат Мұхтаров(Жаратылыстану-математика факультетінің магистранты)
Биылғы әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түскен. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.
Айта кетейік, "Жыл таңдауы – 2022" сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.
Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды: "Жыл студенті", "Жыл еріктісі", "Жылдың студенттік ұйымы", "Жылдың жас журналисті", "Жылдың жас мұғалімі", "Жылдың жас дәрігері", "Жылдың жас батыры", "Жылдың жас қызметкері", "Жылдың жас спортшысы", "Жас спортшы" "Жылдың таланты", "Жылдың жас отбасы"және" Жылдың жас ауыл маманы".
Барлық шәкәрімдіктерді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Сіздер біз үшін ЕҢ ҮЗДІКСІЗДЕР!