Шәкәрім шаңырағында қызметкерлер мен студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара. Осыған орай Республика күні қарсаңында жеңіл атлетикадан "Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол!" акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға "Алаш Орда" спорт клубы демеушілік етіп, "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының оқытушылар құрамына спорттық формаларды табыстады.
450-ден астам білім алушы қатысқан...
Шәкәрім университетінің сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр. 12 мыңнан астам қала тұрғындары Шәкәрім университетінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Олар:
№178 Физкультурная көшесі, 4;
№1137 Шугаев көшесі, 159, №6 оқу ғимараты;
№177 Глинка көшесі, 20а №7 оқу ғимараты;
№234 Шугаев көшесі, 159, №8 оқу ғимараты;...
Семей қаласында «Жыл таңдауы-2022» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің салтанатты жиыны өтті.
Шәкәрім университетінің ең белсенді студенттері мен түлектері үздіктердің қатарынан көрініп атаулы номинацияларға ие болды:
"Жылдың үздік журналисі" – Замира Мурсалимова;
"Үздік ұйым" –"Парасат интеллектуалдық дебат клубы" координаторы Әнуар Жазитов;
"Жыл еріктісі" – Ерасыл Оспанов(инженерлік-технологиялар факультетінің студенті)
"Жылдың жас...
Аягөз қаласында қазақ күресінен жастра мен жасөспірімдер арасындағы Абай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Шәкәрім шаңырағының қанжығасы майланды. Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен шәкәрімдік балуандар 3 алтын, 5 күміс және 1 қоламен көш бастады.
Ерлер арасында:
1 орын – Қуаныш Мақсұтов;
1 орын...