Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 желтоқсан 2022меморандум, ынтымақтастық, ғылым және инновация, бірлескен ғылыми жобалар

ШЫҰ ЕЛДЕРІНІҢ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ

Бүгін Шәкәрім университетінің делегациясы ғылыми-техникалық инновациялар және даму аясында ШЫҰ елдерінің аграрлық университеттері ректорларының алғашқы форумына қатысты. Ұйымның 20 жылдығына орай өткізілген форумды Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ректоры Ву Путэ ұйымдастырды.

Халықаралық басқосу «ШЫҰ елдерінің білім, ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы: қиындық және мүмкіндік» тақырыбында өтті. Форумға online және offline форматында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдерінің 78 университеттері IT-технологиялар, нанотехнологиялар, педагогика, аймақтану, экология, экономика, энергетика салалары бойынша қатысты. 

Басқосуда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бекбауов Бағлан, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары КЕЙН Жанеш, Ресей халықтар достығы университетінің Халықаралық қызмет жөніндегі проекторы, ШЫҰ университетінің Халықаралық ректоратының басшысы  Ефремова Лариса, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің ректоры Ву Путэ, Халықаралық ынтымақтастық және даму министрлігі департаменті директорының ҚХР білім министрлігінің ынтымақтастығы мен алмасу СИ Жу және Қытай Халық Республикасының  басқа да қайраткерлері құттықтау сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. 

Кездесу барысында аталған ұйымға қатысушы елдерді «бір белдеу және бір жол» бастамасының басым бағыты бойынша жан-жақты дамыту мен қолдаудың стратегиялық маңыздылығы атап өтіліп, ынтымақтастықты кеңейту жолдары белгіленді. Сонымен қатар ШҚО-да 11,15 млн. юань көлемінде ауыл шаруашылығы және орман зертханасын ашу бағыты бойынша жабдықтардың қаржыландырылатыны хабарланды. Қытай еліміздегі ғылыми-зерттеу жобалары мен бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.

Шара аясында Шәкәрім университетінің басшысы Бауыржан Ердембеков пен Қытай елінің Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ректоры Ву Путэ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеуші ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуы мен ғылыми тағылымдамадан өтуін, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырумен, қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеуді қолға алмақ.

Сондай-ақ, форум барысында ҚХР, Тәжікстан және Өзбекстан жоғары оқу орындары арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Жиында 18 ЖОО-ның баяндамалары ұсынылды. Баяндамаларда климаттың өзгеруіне қатысты өзекті мәселелер, жалпы ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуде бірлескен тәсілдің қажеттілігі айтылды. Шәкәрім университетінің ШЫҰ университетімен ынтымақтастығының қызметі мен маңыздылығы туралы баяндаманы Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы оқыды.