БІРНЕШЕ ҒИМАРАТТЫ БІР НҮКТЕДЕН БАСҚАРУ ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?
Университетте әртүрлі жағдайларды бақылап сараптама жүргізетін «Ситуациялық орталық» жұмыс істейді. Ситуациялық орталық бейнекамералар арқылы университеттің оқу ғимараттары, спорт кешендері мен жатақханаларын толық бақылауда ұстайды.
Бейнебақылау жүйесіне ҚР Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтары кез-келген уақытта тікелей қосыла алады.
Коммуникация және интерактивті құрылғылардың көмегімен университет айналасында орын алған төтенше жағдайларды жедел түрде орталыққа белгі беру арқылы хабарлайды. Әр камераның бақылайтын өз нысаны бар. Шәкәрім университетінің барлық нысанын жиыны - 400 бейнекамера(IP camera) + 200 бақылайды: №3 - 50, №5 - 20, №6 - 32, №7 - 65, №8 - 59, №9 – 20, спорт кешендерінде - 49, жатақханаларда - 104.
Бейнекамералар оқу жүйесінің сапасын жақсартуға да үлесін қосады. Әр аудиториядағы бейнебақылау оқытушының сабақ беруін, студенттің сабаққа уақытында қатысуын, емтихан тәртібін бақылап отырады. ҚР Ғылым және білім министрлігі бекіткен сабақ кестесі күнде бейнекамералар арқылы қадағаланады.
Сонымен қатар, «иесіз қалдырылған зат» функциясы арқылы жоғалған затты табуға болады. Камера назарына назардан тыс қалған зат іліксе ол бұл жөнінде хабар береді. Бұл процесс терроризмге қарсы қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТУ!Құрметті білім алушылар университеттің ішкі тәртібіне қайшы келетін іс-әрекеттердің орын алуына жол бермеңіздер! Университет әрбір студенттің екінші үйі.