Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 қараша 2023студенттік шақ, университеттегі бір күн

«СІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕГІ БІР КҮНІҢІЗ..» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Студенттік шақ – өмірдің ең қызықты кезеңдердің бірі. Студенттік кезеңнің бір сәтін сезіну – мектеп оқушылары үшін үлкен мүмкіндік.  Осы мүмкіндікті Шәкәрім университетінің PROFUNIT мобилді тобы оқушыларға екінші мәрте сыйлап отыр. Басты мақсат жоғары сынып оқушыларына «бір күнге студент» болуға мүмкіндік беру, оларды университетпен жақынырақ таныстыру, сонымен қатар мамандық таңдауда кеңес беру.

 

 “Сіздің университеттегі бір күніңіз...” акциясының бірінші айналымында қаладағы әр мектептен викториналық қызықты сұрақтар арқылы бір-бір жеңімпаз анықталып, екінші айналымда әр мектептің жеңімпаздары өзара сайысқа түсті. Үздік бес оқушы үшінші айналымға жолдама алған болатын. Солардың бірі қаламыздағы №39 мектеп оқушысы Түсіпханов Жақсылық өзінің бір күнін Гуманитарлық-экономика факультетінде өткізді.

 

Болашақ студент факультеттің белсенді өмірімен танысып, таңдаған мамандығы аясында көптеген қызықты, тың мәліметтер алды. Сондай-ақ университеттегі білікті мамандардың дәрісіне қатысып, білім әлеміне саяхаттады. Күн соңында университет ректоры Думан Орынбековпен кездесіп, шарадан алған әсері ерекше болғандығын айтты.