Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 ақпан 2022

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

 
 Студенттерді тәрбиелеу, олардың тұлғалық дамуы – Қазақстан Республикасы Білім беру стандарттарына сәйкес болашақ маман қалыптастыру процесінің құрамдас бөлігі, тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі. Осы орайда университетімізде студенттермен жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар ұйымдастырылуда.
1 ақпан күні Филология және Жаратылыстану-математика факультеттерінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға құқық қорғау органдарының қызметкері, полиция аға лейтенанты Ш.Ә.Сайдолданова, Семей қаласы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру және кеңестік көмек көрсету бөлімінің басшысы М.Е.Өмірханов, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, психолог Қ.С.Адильжанова қатысып, жастармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату әрі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Сонымен қатар, жастармен әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мәселесі қозғалды.
«Жастармен тәрбиелік шаралар жүргізуде жан-жақты жұмыс жасап жатырмыз. Жыл бойы құқық қорғау органдарымен, дін саласының мамандары және психологтармен тығыз қарым-қатынаста болып, іс-шаралар, кездесулер ұйымдастыру жоспарларын жүзеге асырудамыз», - деді әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директор М.Карибаев.