Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 мамыр 2023құттықтаймыз!, жеңімпаздар, студенттік көктем

СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2023

Биылғы студенттік көктем ерекше. Облыс орталығында тұңғыш рет "Студенттік көктем – 2023" ауқымды іс-шаралар тізбегімен өткізілді. Байқауға Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты.
Шара аясында стритбол жарыстары, интеллектуалдық викториналық ойын, би батл, CS;GO турнирі және бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Бүгін аталған байқаудың қатысушылары мен қала қонақтары үшін қорытынды гала-концерт өтті.
«2023 жылғы Студенттік көктемнің мақсаты – облыстың барлық студенттерін біріктіру. Мұнда олар өздерінің таланттарын ашып, шығармашылық қарым-қабілетін танытады. Сондай-ақ спортта, ғылым мен білімде белсенділігін көрсетеді. Тіпті, әлеуметтік желілердегі өз біліктілігін көрсетеді. Шара жоғары деңгейде өтті деп есептеймін», – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов.
Кеш соңында «Студенттік көктем-2023» қорытындысы жарияланды. Шара нәтижесінде университетіміз лайықты 1 орынды жеңіп алып, 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Марапат құтты болсын, Шәкәрім шаңырағы!

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы