Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қараша 2021

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР»

Шәкәрім университеті Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде басты орын алған мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы болды. Осы орайда Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбектің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мәдени парасаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар: нәтижелер мен перспективалар» атты баяндамасы тыңдалды.

Баяндамада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М.Ахметжанов пен ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен жиында көтерілген мәселер басты назарға алынды.

Сонымен қатар баяндамашы төмендегі ағымдық жоспарлар мен хаттамаларға тоқталды:
• ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Е.Жалмағамбет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов бірлесіп бекіткен «Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарындағы» ЖОО-на арналған іс-шаралар.
• ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» ШҚО бойынша департаменті мен Шәкәрім университеті бірлескен «Sanaly urpaq» жобасы аясындағы 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының шаралары.
• Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Комплаенс қызметін» құру.
• ЖОО бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын» жасақтау.
• Шәкәрім университетінің 2021-2022 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары».

Университеттің Басқарма аппаратының басшысы С.М.Турдин отырыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбын «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» атты баяндамасымен жалғады. Өз сөзінде Серік Мұратханұлы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың қоғамның моралдық ұстанымдары үшін орасан зор залал екенін айта келе, оның көпшілік елей бермейтін түрлерінен сақ болу керек екенін ескертті.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу. Тұрмыстық жемқорлық бұл адам өз сұрақтарын шешкен немесе пара немесе қатынас арқылы шешімін тездетуге тырысқан кезде де туындайды.
С.М.Турдин: «Мысалдар көп және олардың барлығы белгіленген ережелерді сақтауға ниетпен байланысты. Кез келген мәселелерді қарым-қатынас арқылы шешу біздің көптеген азаматтар үшін қалыпты жағдай болды, ал бұл бүкіл Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді», - деді.

Ғылыми Кеңес отырысының соңында жоғарыда айтылған ағымдық жоспарлар мен хаттамаларда қозғалған мәселелер толықтай назырға алынуы керектігі қаулы ретінде бекітілді. Сондай-ақ ортақ мүдде аясынан шығатын өзге де өзекті тапсырмалар жауаптылығы құрылым басшылары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп жөніндегі уәкілге тапсырылды.
Бекітілген қаулының орындалуын бақылау Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбекке жүктелді.