Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 ақпан 2023студенты, лекция успешных людей

ТАБЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДӘРІСІ: АРМАН МАШИМОВ

Бүгін Инженерлік-технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен «Табысты тұлғалардың дәрісі» жобасы аясында белгілі кәсіпкер Арман Машимовпен кездесу өтті.
Арман Машимов – Қазақстан аумағында өзінің шай брендтерін таратумен айналысатын кәсіпкер. Оның фирмасының өнімдері елдің барлық қалаларында ұсынылған. Бизнестің арқасында ол балалар футболын, дәлірек айтсақ, футзалды дамытуды қаржыландырады. Білім алушыларға табысты болудың кілті, табысқа жетудің нақты кеңестерімен бөлісіп, нұсқаулар берді.
Кәсіпкердің айтуынша, ең бірінші адам өзінен бастауы қажет. Сіздің күніңіз толығымен жоспарлануы тиіс. Сонда сіз жетістікке жетесіз.
«Мен сізге өз өмірімнен бір жағдайды айтайын: 19 жасымда, үшінші курста оқып жүргенімде, мен өзімнің отбасылық өмірімді елестеттім. Ол кезде көз алдыма болашақ ұлымды көргендей болдым. Шынымен, 25 жасымда ұлым дүниеге келді. Ал бұл бір ғана мысал», - деді Арман Машимов.
Жиында спикер әлеуметтік лифт жүйесі білімді жастардың жағдайын жасап, олардың қызмет барасында өсуін қамтамасыз етуді көздейтіндігін айтып, Қазақстанда жұмысқа орналасудың қиындығы мен теңсіздігі жастардың ең басты мәселесі екендігін тілге тиек етті.
«2017 жылы менің аймағымда жасөспірімдер топтары арасында жаппай төбелес болды. Әрине, жастардың мектептен соң баратын жерлері болмады. Кем дегенде, қазіргі заманғы спорт алаңдары мен клубтар жоқ болатын. Әрекет ету уақыты келгенін түсіндім. Туған мектебінің директорына хабарласып, спорт алаңына екінші өмір беруді ұсынды. Көп ұзамай шіріген көлденең жолақтар мен тот басқан футбол қақпаларының орнында футбол алаңы, жүгіру жолдары және басқа да жабдықтары бар шағын стадион пайда болды», - деді ол.
Кездесуде студенттер Машимовтың өмірлік ұстанымы, оның принциптері туралы сұрақтар қойды.