Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 мамыр 2022студенты, поздравление

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ КӘСІБИ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

25 мамыр күні еліміз филологтар күнін атап өтеді. Жыл сайын өткізілетін бұл шара Филология факультетінің оқытушылары мен студенттердің басын біріктірді.
Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, дінін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – филологтар. Осыған орай аталмыш факультетте бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды.
Жиында Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Төлеубаева Құралай сөз сөйлеп, жиналған қауымды мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Абдыханова Бақытгүл кафедра туралы мәліметтер беріп, атқарылған жұмыстарды баяндап берді.
Құттықтау сөз сөйлеген Басқарма мүшесі Берікхан Иісбек факультеттің алдағы жоспары ауқымды екенін тілге тиек етіп, білім алушылар үшін аз уақыттың ішінде мамандандырылған кабинеттердің ашылғандығын атап өтті.
Бүгінгі тағылымды шарада үйірме отырыстары, танымдылық сағаттар мен орыс, түрік және қытай тілдерінде дәрістер өткізілді. 150-ден астам білім алушылар түрлі шараларға қатысты.
Шара барысы
  • Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Шынар Кеңесбаеваның бастауымен Қаламгер үйірмесі жұмысының кезекті отырысы;
  • «Әлеуметтік желіні тиімді пайдалану» тақырыбында Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Құралай Төлеубаеваның танымдылық сағаты;
  • “Hayat Bayram Olsa” тақырыбында PhD доктор Айгуль Туркпенованың түрік тілі сағаты;
  • “Июань Шиминди Жатон Гонжи” тақырыбында Шет тілдері кафедрасының оқытушысы Керімбай Гульмираның қытай тіліндегі дәрісі;
  • «День филолого в начале было слова» филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Тулеубек Демежановтың дәрістері өткізілді.
Кеш соңында Филология факультетінің деканы Айбар Қадыров факультет ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Өз сөзінде декан қара шаңырақтың ғылыми әлеуетін көтеріп жүрген профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға ризашылығын білдірді.
Құрметті тіл жанашырлары, сіздерді келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймыз! Қазақ елінің рухани игілігін еселеу жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!