Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 қараша 2023трехязычие, үштілділік

ТІЛДЕРДІ БІЛУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ КІЛТІ

Бүгін университет қабырғасында Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен “Шакарим International” байқауы өтті.

 

Шараның мақсаты - Семей қаласының оқушылары мен Шәкәрім университетінің студенттерін патриоттыққа және интернационалдыққа тәрбиелеу болып табылады. Негізгі критерий - үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу.

 

Байқауға Семей қаласының 10-11 сынып оқушылары мен Шәкәрім университетінің студенттері қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең: әр топтың таныстыру карточкасы, 2-кезең топтың тілдік позициясы, 3-кезең аудармашылар байқауы және 4-кезең польшалық екі дипломдық бағдарламасының жарнамалық бейнеролигі.

 

Айта кету керек, тілдерді меңгеру өмір жолындағы табыстың кепілі болып табылады, жоғары сатыға көтерілуге, кең ауқымды қарым-қатынас кеңістігін қамтуға, мәдениеттің ұлттық ерекшеліктерімен және басқа ұлттардың дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

Осыған байланысты Шәкәрім университетінде инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған үш тілде білім беруді іске асыруға ерекше назар аударылады. Білім алушылардың тілдік дағдыларын күшейту жұмысы интернационалдандыруға, бітіруші студенттерді табысты бейімдеуге және ішкі және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілеттілікке бағытталған.

 

Байқау қорытындысы бойынша келесі командалар марапатталды:

1 орын: № 35 ЖОББ

2-орын: Чернышевский атындағы №1 ЖОББ

3-орын: Shakarim High School - We Power командасы

4-орын: Shakarim High School атынан Youngsters командасы

5-орын: № 11 ЖОББ.

 

Бірінші орын алған жеңімпаздарға - 25 мың теңге, екінші орын алған қатысушыларға - 15 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне - 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болсын!