Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қыркүйек 2023кездесу, студенттер, өртті алдын алу

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар, соның ішінде табиғи апаттар қаупі – қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланысты.
Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында Шәкәрім университетінде төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстары бойынша студенттермен кездесу өтті.

Шараның негізгі міндеті - адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл саланың жұмысына ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету және білім алушылардың қаперіне салу.

Төтенше жағдайлар жөніндегі сала маманы оқу орнының ТҚ және ТЖ инженері Бауыржан Кенесбаевтің қатысуымен өткен кездесуде төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары пысықталды. Тасқын мен селге қарсы, күннің ысуына байланысты болатын табиғи немесе адамдардың қателігінен өршитін өрттің бетін қайтаруға дайындық, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша мәселелер түсіндірілді.

Қазақ «апат айтып келмейді» дейді. Алайда «Сақтықта қорлық жоқ» деген нақыл сөз бар. Осы орайда төтенше жағдай саласы мамандарының біліктілігіне жүгінген жөн.

Айта кетейік, сала мамандарымен кездесу жатақханалар мен басқа да оқу ғимараттарында өткізілді.