Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 шілде 2022түлектер, кездесу

ТҮЛЕКТЕР ҰШҚАН ҰЯДА БАС ҚОСТЫ

Бүгін киелі Абай облысының қара шаңырағы Шәкәрім университетінде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы түлектерінің 40 жылдық бас қосуы өтті.
Бұрынғы педагогикалық институтында маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде елімізге еңбектері сіңген, білім беру саласының үздіктері қатарында. Салтанатты шара түлектердің ең әуелгі қадамын өздеріне дәріс оқыған ұстазы Қ.Шаяхметұлы атындағы кабинетті аралаудан басталды.
Кездесу барысында түлектер Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембековпен кездесті. Ректор өз сөзінде «Әр университет жұмысының көрсеткіші – түлектері. Түлектерінің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш»,- дей келе туған университетінің дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектерге алғысын білдірді.
1978-1982 ж.ж. студенттер білім ордасына көмек ретінде «Шәкәрім шапағаты» қоғамдық қорына қаржылай қолдау білдірді. Сондай-ақ, дәріс берген аяулы ұстаздарын еске алып, өлең оқып, университеттің бүгінгі күндегі профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларына ыстық лебіздерін жаудырды.
ШӘКӘРІМ мекені әрқашанда өз түлектерімен мақтанады.