Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 желтоқсан 2022кездесу, футбол командасы, жеңімпаздар

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ШӘКӘРІМ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков ҚР «Студенттік спорттық лигасы» Шығыс дивизионында футзал спорт ойынынан ұлдар арасында өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті.
Кездесуде ректор турнирде жеңіскен жеткен білім алушылар мен жаттықтырушы Жалын Жарқынұлына алғысын білдірді.
-Алдыда үлкен дода. Республикалық лигада жоғары нәтиже көрсететіндіктеріңізге сенімдімін. Университет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Қарашаңырағымыздың даңқы асқақтай берсін! Біз сіздерге сенеміз!- деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Өз кезегінде команданың жаттықтырушысы Жалын Жарқынұлы көрсетілген барлық қолдау шаралары үшін университет басшылығына алғысын білдіріп, ойыншылардың республикалық лигада тынғылықты дайындалатындығын жеткізді.
Жиын соңында командаға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, университет командасы Студенттік спорттық лигада екінші орынды иеленді. Турнирге Өскемен, Павлодар, Семей қалаларының 6 командасы қатысты.
Shakarim University футбол командасына сәуірде өтетін республикалық лигада сәттілік тілейміз! Шәкәрім мекені сіздерді мақтан тұтады.