Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 қыркүйек 2023кездесу, университет басшысы, белсенді жастар

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков open space форматында белсенді жастармен кездесті. Кездесуге факультеттің кіші декандары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, жатақхананың төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Заманауи форматта өткен кездесуде университет басшысы ғылым студенттерден басталу керектігін атап өтіп, білім ордасы тарапынан жастарды әрдайым қолдауға дайын екендігін ерекше айтты. Сондай-ақ, белсенді жастардың ықпалы арқылы альма-матер беделін көтеру, ғылымға жаңаша бет бұру, тың инновациялық жобаларды іске асыру жұмыстарын талқылады.
Өз кезегінде шәкәрімдіктер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жаңашылдыққа толы мазмұнды кездесуден ерекше әсер алған белсенділер жиын соңында Думан Рымғалиұлымен естелік суретке түсті.