Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 қазан 2023құттықтаймыз, отандық ғылым

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Университет серіктесі - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жетістігі: бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Эрлан Ғаділетұлы Батырбеков бастаған бір топ ғалым Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің ішінде Шәкәрім университетінің түлектерінің бары ерекше қуантарлық жағдай. 

Абай елінің қасиетті қара шаңырағы, альма-матер әрдайым өз түлектерімен мақтанады. Кәсіби және ғылыми қызметте шығармашылық табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!