Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 қазан 2022кездесу, сотрудничество, ынтымақтастық, радиохимия саласы

ЕУРОПАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР РАДИОХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕДІ

Бүгін Шәкәрім университетіне шетелдік профессорларды оқу процесіне шақыру бағдарламасы аясында профессор Тибор Ковач келді. Профессор Ковач – Венгриядағы Паннония университетінің радиохимия және радиоэкология институтының қауымдастырылған профессоры, оқытушысы. Оның зерттеу тобы көптеген жылдар бойы табиғи радионуклидтерді өлшеумен, әртүрлі әдістерді әзірлеумен айналысады.
Профессордың негізгі зерттеу саласы табиғи түрде кездесетін альфа-сәулеленетін радиоизотоптарды зерттеу, альфа-спектрометрия үшін сынамаларды дайындаудың жаңа әдістерін әзірлеу, радон мен торонды өлшеу әдістерін жетілдіру, радионуклидтерді өсімдіктердің сіңіруі, радиациялық әсерді бағалау, су сынамаларының радиологиялық біліктілігі болып табылады. Тибор Ковач – ядролық апаттарды бақылау және радиоактивті қалдықтарды басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар ғалым.
Профессор қараша айының соңына дейін Шәкәрім университетінде болады. Осы кезеңде университеттің білім алушылары, қызметкерлері мен ПОҚ үшін радиохимия, радиоэкология саласы жайлы TEDx форматында бірқатар интерактивті дәрістер, семинарлар, коучинг-сессиялар, тренингтер мен баяндамалар өткізетін болады. Дәріс «Техникалық физика және жылу энергетикасы» және «Химиялық технология және экология» кафедраларында, сондай-ақ Шәкәрім университетінің Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығында өтеді.
Дәріс барысында шетелдік ғалым университет студенттерінің кәсіби даярлығын жоғары бағалап, білім алушылардың білімге құштарлығы мен алғырлығын бірден байқады.