Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 мамыр 2023турнир, спорт, профессор-оқытушылар құрамы, футбол

ЖАҢА АЛАҢДА ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

Шәкәрім университетінде ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында шағын футболдан достық турнирі өтті.
Басты мақсат - профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Шараға барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімдер қатысты. 7 үздік команда өзара сайысқа түсті.
Турнирдің қорытындысы келесідей:
1 орын – Ректорат командасы;
2 орын – АТФ командасы;
3 орын – ЖМФ командасы иеленді. Жеңімпаз командаға "Достық" кубогі табысталды.
Барша қатысушыларды шағын футболдан жаңа маусымның ашылуымен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз.