Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 желтоқсан 2023факультет таныстырылымы, презентация факультета

ЖАҢАРҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика факультетінің «Талаптан да білім мен өнер үйрен» атты жаңарған ғимараттың ашылу салтанатына арналған мерекелік жиын өтті. Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

 

Шарада білім ордасының соңғы жетістіктері мен ауқымды мақсат-міндеттері туралы сөз етілді. Мәселен, жуырда оқу орны UI Green Metric World University Ranking 2023 рейтингі бойынша әлемдегі ең экологиялық таза білім беру мекемелерінің қатарынан табылды. Бұл нәтиже университеттің қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 9-орынға ие болғанын айқындады.

 

Жиын барысында жаңарған ғимарат пен ғылыми кітапхананың таныстырылымы өткізілді. Бұдан бөлек, факультеттің талантты студенттерінің креативті алаңдары, ART-TIME сурет және қолөнер көрмесі, университеттің оркестрі мен күміс көмей әншілері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, облыстың вена балының жеңімпаздары, факультет белсенділері классикалық бидің таңғажайып әлеміне жетелей түсті.

 

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған факультет ұжымы мен өнерлі білім алушыларға алғысымызды білдіреміз! Келе жатқан мереке құтты болсын!