Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қараша 2023трудоустройство, жұмысқа орналастыру

ЖАС МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МОНИТОРИНГІ

8-10 қараша аралығында Шәкәрім университетінің бітіруші түлектері университет заңгері Майра Лухмановамен «Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мониторингі» тақырыбында кездесті.

 

Кездесу педагогикалық, аграрлық, техникалық және экономикалық бағыт бойынша оқитын білім алушыларға жеке жүргізілді.  Жиын барысында білім алушылар маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілген 2023 жылдың 11 тамызында шыққан №403 бұйрықпен таныстырылды.

 

Кездесу соңында студенттер көкейінде жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.