Президенттік шәкіртақы

ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау Ережесі:
 
1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын білім алушыларға (бакалавр 3-курстан бастап, магистратура 2-курстан бастап) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын білім алушыларға беріледі. 
«Қанағаттанарлықсыз» деген бағаны қайта тапсырған  білім алушыларға стипендия тағайындалмайды.   
 
2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
а) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
б) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
в) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді айналысатындар;
г) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар. 
 
Білім алушылар факультет деканатына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 
 
  • Конкурсқа қатысу үшін университеттің Басқарма Төрағасы - Ректор атына өтініш; 
  • Транскрипт (қол қойылып, мөрмен расталған); 
  •  Жетістіктерін растайтын құжаттар (дипломдар, грамоталар, сертификаттар, куәліктер);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Жеңілдіктерді растайтын құжаттар (жетім, мүгедек, көпбалалы отбасы және т.б.).  

ҚР Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру

2022 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері

ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру

2023 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері

ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру (2022-2023 оқу жылының жазғы сессия нәтижелері бойынша)

2023 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері (жазғы сессия)