AP09562413 "Абай шығармаларының қолжазбасы: тілдік тенденциялар тұрғысынан зерттеу"

Ғылыми жоба жетекшісі: Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы, филология ғыымдарының докторы, профессор Scopus Author ID 57204595664, Orcid.org/0000-0003-0503-4640


Өзектілігі:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Халық пен Абай тұтастығы мәңгілік.Сол елдің мәңгілігі тілдің мәңгілігімен ұштасып тұратынын анық. Бізге қолжазба күйінде жеткен Абай мұрасы замана өткен сайын тек әдеби талдауды ғана емес, тілдік мұра ретінде де талдауды қажет етеді. Аталған жобада Мүрсейіт қолжазбасын сол кездегі түпнұсқа орфографиялану принциптеріне сәйкес транскрипциялау көзделеді. Бұл өз кезегінде Абай шығармаларының әдеби мұра ғана емес, тілдік материал ретінде зерттеу объектісіне алынуына жол ашады. Абай дәуіріндегі қазақ орфографиясы мен орфоэпиясының түрлі заңдылықтарын, қазақ тіліне басқа тілдердің ықпалы мен ана тіліміздің даму тенденциясын көрсетуге
және зерттеуге септігін тигізеді.


Мақсаты:

Абай шығармаларының Мүрсейіт қолжазбасын қайтадан транскрипциялау, 1910 жылғы нұсқасын басшылыққа ала отырып, 1905, 1907 жылғы нұсқаларымен салыстыра оқу, қолжазбаға тән емле ерекшеліктерін зерттеу, оның қазақ әдеби және жазба тілінің қалыптасуындағы рөлін айқындау мақсат етіледі.


Күтілетін нәтиже:

− Қолжазба мәтініне тілдік жағынан жаңаша баға беріледі.

− Текстологиялық салыстырулар мен Абай шығармаларыныңбасқа да нұсқалары талданып, мақалалар жарияланады.

− «Абай шығармаларының қолжазбасы: тілдік тенденциялар тұрғысынан зерттеу» атты кітап жарық көріп, ғылыми айналымға ұсынылады.


Қол жеткізілген нәтиже:

Зерттеулер аясында халықаралық конференцияларда баяндамалар жасалып, мақалалар, ғылыми еңбек жарық көрді.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Шынатай Елімай , гуманитарлық ғылымдар магистрі

    Scopus Id: 0

    Researcher Id: 0

    ORCID: 0___-____-____-____

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Тынышбай Нұрбике Базарбайқызы

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша: