AP13067966 "Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде)"

Ғылыми жоба жетекшісі: Аубакирова Карлыгаш Адильхановна, PhD докторы, - жоба жетекшісі Индекс Хирша - 3, ORCID 0000-0002-1872-9591 Scopus Author ID 57205143914


Өзектілігі:

Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде) жобасы Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде алаш идеясының өзге мәдениеттердегі интерпретациясы мен индексін қазақ халқының танымымен салыстыра отырып анықтау және кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Зерттеу объектісі –Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, аудармалары және Алаш идеясы.


Мақсаты:

Жобаның негізгі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде Алаш идеясының өзге мәдениеттердегі интерпретациясы мен индексін қазақ халқының танымымен салыстыра отырып анықтау. Сондай-ақ, ұлттық идея мен Алаш идеясының ортақ сипаттары мен ерекшеліктерін саралап, символдық мәнге ие кодтар мен тұжырымдарды ғылыми негізде сараптау, практикалық қолданылысын анықтау.


Күтілетін нәтиже:

· Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ғұмырнамалық кезеңдері, шығармашылық мұрасы, қайраткерлік-күрескерлік һәм ағартушылық-педагогикалық қызметіне қатысты деректерді жинақтау үшін Ташкент, Орынбор, Мәскеу, Алматы, Анкара, Денизли қалаларына іссапар ұйымдастырылып, жиналған мәліметтер ғылыми сараптамадан өтеді;

· Жинақталған материалдар негізінде Алаш идеясының индексі мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты электронды нұсқада және баспадан 1000 тираж көлемінде 1 монография, 1 қосымша
оқу құралы әзірленеді (орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне арналған);

· Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-көркем аудармалары түпнұсқасымен салыстырылып, талданады. Түпнұсқа мәтін мен телтума мәтін бірге қамтылған, жаңа көзқараспен даярланған
«Ахмет Байтұрсынұлы һәм Алаш идеясы» тақырыбы негізінде 5 дижитал форматтағы видеоөнім жасалады;

· «Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары негізінде)» тақырыбы аясында Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес)процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және ҚР БҒСҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу мақала жарияланады;

· Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған түрік ғалымы Н.Бирайдың «Ахмет Байтұрсынұлы» монографиясы қазақ тіліне тәржімаланып, электронды нұсқада жарияланады;

· Т.Тугайдың «Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» еңбегі қазақ тіліне аударылып, аударма кітап электронды нұсқада жарияланады;

· Зерттеу нәтижелері ретінде Ахмет Байтұрсынұлының әдеби аудармалары және Алаш индексі жайлы зерттеу тобы мүшелерінің әдебиет, тіл, тарих мәселелеріне қатысты халықаралық, республикалық конференцияларда ғылыми баяндама жасалып, БАҚ-да мақала, интервью түрінде насихатталады. Жобаны іске асыру нәтижесінде дайындалған ғылыми-техникалық өнімдер (монография, көмекші оқу құралы, электронды аударма кітаптар, ғылыми мақалалар, дижитал өнімдер және т.б.) қорғау құжатымен, енгізу актісімен, енгізу жөніндегі ұсынымдармен, лицензиялық келісіммен қоса, коммерци


Қол жеткізілген нәтиже:

Жоба барысында Ресей, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің кітапханалары мен сирек қолжазбалар қорынан, мұрағаттарынан аса құнды тарихи дереккөз ретінде қарастырылатын деректер жинақталып, көшірмелері жасалып, ғылыми айналымға енгізу және сараптама жасау мақсатында пайдаланылып жатыр. Алаш тақырыбын зерттеп жүрген шет ел (Ресей, Өзбекстан, Түркия, Жапония т.б) және Қазақстан ғалымдарынан видеосұхбаттар алынды. Деректі фильмге қажет тың деректер мен ғылыми тұжырымдар жинақталып, конференция мен симпозумдарда баяндамалар жасалды. Т. Тугай мен Н. Бирайдың А.Байтұрсынұлы қатысты еңбектерін қазақ тіліне тәржімалау үшін түпнұсқа авторларының келісімдері алынып, келісімшарт жасалды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Түркияда (Анкара) және Қазақстанда (Алматы) өткен халықаралық кең ауқымды конференцияларда жоба мүшелері баяндама жасап, ел-елден келген ғалымдардан видео және аудио, жазбаша нұсқада сұхбат алды. Баяндамалар конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді. Скопус және ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналдарда мақала жариялау үшін зерттеу жұмысының қазіргі нәтижелері жүйеленіп, әзірленуде.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Касымова Асем Аленовна, PhD

    Scopus Id: 57224119099

    Researcher Id: -

    ORCID: 0000-0002-8783-888_

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Рахметуллин Еркин Ерланович, Гуманитарлық ғылымдар магистрі

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0001-6170-6996

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Сәйдірахман Ұшқын журналистика мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистры

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0002-3637-8908

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, педагогика ғылымдарының магистрі

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-4900-4240

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы, Гуманитарлық ғылымдар магистрі

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-0346-2246

    Қосымша: