Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығы (бұдан әрі – ӘМБО) – білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер, сондай-ақ одан тыс жерлерде әлеуметтік қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыратын және жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлімше болып табылады.
ӘМБО қызметінің негізгі бағыттары:
- білім беру қызметтерінің сапасына жүйелі әлеуметтік мониторинг жүргізу;
- білім алушыларға, оқытушыларға, қызметкерлерге, сондай-ақ Абай ауданының мектеп оқушылары мен басқа да мүдделі тұлғаларға тұрақты түрде әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
- ақпаратты жинау және өңдеу, мәліметтерді талдау және бағалау, аналитикалық есептерді, ұсыныстарды дайындау және оларды Басқарма төрағасы - Ректорға, декандарға, кафедраларға, университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну. Сауалнама деректерін университет сайтына орналастыру (https://clck.ru/rbpTi);
- университет ішінде де, оның сыртында да қоғамдық пікірді бақылау жобаларын жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру;
- оқу үдерісінің сапасын арттыру шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізуге құрылымдық бөлімшелерден өтінімдерді қабылдау;
- білім алушылар, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында өзекті тақырыптар мен сауалнама сұрақтарын әзірлеу;
- зерттеу нәтижелерінің қорытынды презентациясын әзірлеу және сауалнама бойынша ұсыныстар беру;
- анықталған проблемалардың шешімін табудың заңдылықтарын белгілеп, негізделген шараларды ұсыну;
- білім беру қызметінің сапасын басқару саласында университетте жүргізілетін іс-шараларды әлеуметтік қамтамасыз ету;
- ЖОО-да кадрлар даярлау сапасын төмендететін келеңсіз құбылыстардың таралуын шектеуге мүмкіндік беретін талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
- қоғам мен университеттің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылығын арттыру мақсатында кездесулер, түсіндірме семинарлар ұйымдастырып, өткізу.