press office of Shakarim University04 december 2024докторант

ПӘНАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Shakarim University-дің Инжиниринг орталығында физика, механика және  металл өңдеу, математика мамандықтары бойынша білім алып жатқан докторанттар мен  магистранттарға «Беттік инженерияның инновациялық технологиялары: материалтанудан қолданбаларға дейін» деген тақырыпта пәнаралық семинар өткізілді.   

 

Семинарға білім алушылармен қатар,  Инжиниринг орталығының қызметкерлері және «Машина жасау», «Техникалық физика және Жылу энергетикасы», «Математика» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

 

Мақсаты: білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын бақылау, магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыс бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында ғылыми-зерттеу және ақпараттық-талдау жұмыстарының дағдыларын дамыту.

 

Баяндамашылар зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері жайлы айтып, күтілетін нәтижемен де таныстырды.     

Техникалық физика кафедрасының І курс докторанты Қайыржан Берікхан «Суық газдинамикалық бүрку кезінде нанокомпозиттік коррозияға қарсы жабындардың пайда болуының физика-химиялық заңдылықтары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымен таныстырды. Ол көпфункционалды нанокомпозитті жабындының атом энергетикасы, авиация, медициналық құрылғылар және машина жасау сияқты салаларда металл конструкцияларын коррозиядан, тозудан және радиациядан қорғаудағы тиімділігін зерттеу үстінде. «Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы – бүркілетін металл ұнтақтарын алғаш   рет ультрадыбыстық өңдеу, градиентті, яғни бірнеше қабатты жабындар алу, радиацияға төзімділігін зерттеу бойынша кешенді әдістемеге қол жеткізу,  адгезияға және тозуға тұрақты  ерекше  жабындар жасау»- дейді Қайыржан Берікхан.

 

Баяндамадан кейін зерттеу жұмыстары бойынша  алдағы тапсырмалардың орындалуы үшін ұсыныстар айтылды.